QMJ
Мұғалімге ҚМЖ, слайд және жұмыс парағын қазақ тілінде бірнеше минутта дайындайды

Хаб бағдарламасына қабылданды (сауалнама 18.09.2026)
Мұғалім күн сайын әр сабаққа қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ) жазады, слайд пен тапсырма дайындайды: бұл міндетті құжат, оған аптасына бірнеше сағат кетеді, ал қазақ тіліндегі сапалы құралдар жоқтың қасы. QMJ-де мұғалім ҚТЖ-дан тақырыпты таңдайды, платформа ҚМЖ, слайдтар мен жұмыс парағын бірнеше нұсқада жүктеуге дайын етіп өзі құрастырады. ҚТЖ 1–11 сыныптардың негізгі пәндері бойынша жүктелген. Мұғалімдер мен мектептер тоқсандық жазылым арқылы төлейді, төлем Kaspi арқылы.
Платформа іске қосылды, 14 мұғалім тіркелді, ақылы тарифтер мен Kaspi төлемі қосылды. ЖК және сату менеджері бар, сату басталып жатыр.
Негізін қалаушы және сату менеджері, Алматы.