Тағылымдамашы
Қалай жетесіз
Академияның базалық курсынан өту
Не аласыз
- Бригададағы рөлдерге қолжетімділік
- Жеке кабинеттегі профиль мен белгі
Төлем бригададағы алғашқы рөлден басталады
Хаб университетке компаниялардың тапсырыстарын әкеледі және нәтиже үшін тапсырыс беруші алдында өзі жауап береді. Сіз өз мамандығыңыз бойынша бригадаға кіресіз: жұмысты істейсіз, шарт бойынша ақы аласыз және портфолиоға нақты тапсырыс берушімен кейс жинайсыз.

Адал айтамыз: кепілдендірілген табысты уәде етпейміз. Төлем рөлге және нақты тапсырыстың бюджетіне байланысты, беттегі мөлшерлемелер — бағдар, хабтың міндеттемесі емес.
Бірде-бір қадам ақша мен таныстықты талап етпейді. Талап етілетіні — уақыт және қолыңыздан келетін нәрсе.
Базалық курс тапсырыс берушімен ортақ тіл береді: тапсырма қалай қойылады, қабылдау деген не және мерзім неге әдемілктен маңызды. Курс тегін, соңында — тексеру коды бар сертификат.
Профиль — сіздің витринаңыз: мамандық, дағдылар, аптасына неше сағат жұмыс істей аласыз. Куратор сауалнаманы тексереді, содан кейін профиль бригадаларға көрінеді.
Әр тапсырысқа хаб бригада жинайды: деректерді белгілеуші, зертханашы, инженер, жетекші. Сіз шамаңызға қарай рөл таңдап, өтінім жібересіз — іріктеуді тапсырыс кураторы жүргізеді.
Шартты хаб жасайды — сізбен де, тапсырыс берушімен де. Жұмыс қабылданғаннан кейін бригада ақысын алады, ал сіз профильде жазба аласыз: тапсырыс тапсырылды. Дәл сол сізді сатымен жоғары көтереді.
Сатыны тек хаб және тек тапсырылған тапсырыс фактісі бойынша көтереді. Оны өзіңе өзің қоя алмайсың — әйтпесе ол тапсырыс беруші үшін ештеңеге тұрмайды.
Қалай жетесіз
Академияның базалық курсынан өту
Не аласыз
Төлем бригададағы алғашқы рөлден басталады
Қалай жетесіз
Бригада құрамында бір тапсырыс тапсыру
Не аласыз
Рөл бюджетінің бағдары: айына 200–350 мың ₸, салыққа дейін
Қалай жетесіз
Үш тапсырыс немесе жобадағы жетекші рөл
Не аласыз
Рөл бюджетінің бағдары: айына 350–600 мың ₸, салыққа дейін
Қалай жетесіз
Бригада жинап, жобаны толық тапсыру
Не аласыз
Жетекші мөлшерлемесі және бригаданың маржадағы үлесі
Қалай жетесіз
Тек қолыңызбен емес, өз жобаңызбен келу
Мөлшерлеме жобамен бірге бітеді. Қалғаны өміржолыңызда қалады.
Тапсырылған жұмыстар мен тапсырыс беруші бағалары профильде көрінеді — бұл сөз емес, бедел.
Сұхбатта оқу жобасын емес, компанияға істелген жұмысты көрсетесіз.
Тексеру коды бар: жұмыс беруші тексеру бетін ашып, түпнұсқалығын көреді.
Жобаны қабылдауға дейін жеткізгендерге — куратор қолы қойылған хат.
Бригадада жұмыс істегеннен кейінгі өз жобаңыз іріктеуге кезексіз түседі.
ҚазҰУ зертханаларының аспаптары — тапсырыс міндеті аясында, ғылыми жетекшімен бірге.
Рөлдер маркеттің барлық ашық тапсырыстарынан жиналған. Тапсырманы толық оқып, өтінім жіберу үшін тапсырысты басыңыз.
Тапсырыстар толқынмен келеді. Профиліңізді қалдырыңыз — мамандығыңыз бойынша рөл шыққанда шақырамыз.
Орындаушы профилін жасауХаб ішінде қауымдастықтар өмір сүреді: ғылым, бизнес, инвесторлар, түлектер. Жаңа тапсырыстар туралы бірінші сонда біледі, бригадаға серік және жобаға әріптес те сонда табылады. Кіру — өтінім бойынша.
Бұл — тапсырыс берушіге арналған витринаңыз: мамандық, дағдылар, тапсырылған жұмыстар. Куратор сауалнаманы тексеріп, бригадаларға жол ашады.
Профиль аккаунтқа байланады. Жібермес бұрын Google арқылы кірсеңіз — оны кабинеттен бірден көресіз; кірмесеңіз, сауалнаманы куратор байланыстырады.
Сатыны, рейтингті және тапсырылған тапсырыс санын хаб жұмыс фактісі бойынша қояды — оларды өзіңізге қоя алмайсыз. Байланысты тек хаб командасы көреді: витринаға шықпайды, студенттер базасы ешкімге берілмейді.
Не аласыз
Мұнда мөлшерлеме емес, сіздің өніміңіз табыс табады
Карточкалардағы сомалар — бір ай жұмыстағы рөл бюджетінің салыққа дейінгі бағдары. Бұл хабтың мөлшерлемесі де, табыс уәдесі де емес: соманы нақты тапсырыстың бюджеті шешеді.